Жаңалықтар

15 шілде 2010
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Федеральдық Президенті Дорис Лойтхардпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшылары алдағы уақытта ағымдағы жылғы 16-17 шілдеде Алматыда өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуін есепке ала отырып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікірлер алмасты.

Тараптар екі елдің халықаралық қаржы институттарындағы ынтымақтастықтың перспективасын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдарын талқылады.    


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар