2020 жылдың 16 наурызынан бастап азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылады

Құрметті азаматтар !

Президент Әкімшілігінің фронт-офисі коронавирустың таралу қаупін азайту жөніндегі алдын алу шаралары аясында азаматтарды қабылдауды 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтата тұрғаны туралы хабарлайды.

Бұрын жазылған азаматтар өз кезегін сақтайды және қабылдаулар жаңартылғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланатын болады.

Сонымен қатар барлық тілек білдірушілер үшін Президенттің Виртуалды қабылдау бөлімінің порталы,«e-gov» электрондық үкіметі арқылы, сондай-ақ «Қазпочта» АҚ қызметтері арқылы өтініштерді беру мүмкіндігі сақталатынын атап өтеміз.


 
Азаматтарды қабылдау кестесі